427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық базарларда санитарлық талаптардың сақталуы тексеріледі

  • 175
  • UPD: 16:39, 12.10.2020
Елордалық базарларда санитарлық талаптардың сақталуы тексеріледі Inform.kz

Елордада азық-түлік сататын базарлардағы рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін әкімдік, тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын бақылау департаменті мен тәртіп сақшылары Сарыарқа ауданы бойынша тексерістер жүргізбек.

Дариға Ташенова, тілші:

– Шамамен бір сағаттан кейін арнайы топ мамандары елордамыздың Сарыарқа ауданында орналасқан базарларды тексеруге кіріседі. Бүгін демалыс емес, кәсіпкерлер заң бойынша өз жұмысын жүргізуге құқылы. Алайда олар карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талапты орындауы тиіс. Атап өткенде, маска тағу санитайзерлердің болуы мен ара қашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы бақылауға алынбақ.

Айта кетейік, мұндай тексерістер карантин режимі енгізілген сәттен бастап-ақ жүріп жатыр. Осы уақыт аралығында тәртібін бұзушыларға сомасы 133 млн теңгені құрайтын айыппұл салынған болатын. Өкінішке қарай, шағын және орта бизнес өкілдері, коронавирус індетінің таралуына қарамастан, тәртіпті бұзуды қояр мес. Біреу жұмыс уақытының режимін орындасама, басқалары кіреберісте санитайзер орнатпаған. Тағы біреулерінде дене қызуын өлшейтін термометрлер жоқ. Заң барлығымызға бірдей. Оны бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.

Айта кетейік, жеке тұлғаларға тағылатын айыппұл 83 мың теңгені құраса, кәсіпкерлердің сомасы одан әлдеқайда артық. Яғни 230 мың мен 2 жарым миллион теңге аралығында. Егер олар өз кінәсін мойындап, айыппұлын жеті күн ішінде төлеймін десе, оларға 50 процент жеңілдік беріледі. Бұған дейін өткен рейдтер кәсіпкерлер үшін сабақ болып, олар барлық талапы орындауға бел буды деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы