Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меңдіқара ауданында жоғалған саңырауқұлақ теруші табылды

  • 89
  • UPD: 14:59, 12.10.2020
Меңдіқара ауданында жоғалған саңырауқұлақ теруші табылды

11 қазанда сағат 18:55-те Меңдіқара ауданының құтқарушылары Ломоносов ауылдық округінің аумағында 1947 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама алды.

Бұл күні Қостанай ауданы Жамбыл ауылының екі тұрғыны кешкі сағат бесте көрші ауданға саңырауқұлақ теруге келген. Саңырауқұлақ терушілер Көктерек ауылына жақын жерде тоқтады. Олар көлікті тастап, екі  түрлі бағытқа бөлінген. Бір жарым сағаттан кейін көлік жанында кездесуге келіскен.

Белгіленген уақытта олардың бірі 73 жастағы зейнеткер келісілген жерге келмеді. Тағы біраз күткеннен кейін екінші саңырауқұлақ теруші оның жоқтығына алаңдап, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерін көмекке шақыруға шешім қабылдады.

Қарт саңырауқұлақ терушіні іздеуге Нива маркалы автокөлікпен 5 құтқарушы, сондай-ақ құрамында 10 адам және 3 бірлік техника бар жергілікті полиция қызметкерлері жедел шықты.

Қараңғыда қарт адам бағдарын жоғалтып, орманға тереңдей түсті. Біраз уақыттан кейін ол ашық алаңда болып, кейін ол жолға шықты.

Іздеу жұмыстары сәтті өтті. Сол күні сағат 20:35-те оны Көктерек ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Ер адам жарық сигналдарын көріп,  оларды іздеген құтқарушылардың айқайын естіді.

Орманға барғанда белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау керек: маршрут туралы ойланыңыз, туыстарыңызға қайда барғаныңыз туралы хабарлаңыз, өзіңізбен байланыс құралдарын алыңыз. Шамдар мен ысқырықтар жарық пен дыбыстық сигналдарды беру үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы