428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде кезекші сыныптағы оқушыдан коронавирус анықталды

  • 128
Семейде кезекші сыныптағы оқушыдан коронавирус анықталды

Семейде 1-сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды.

Жеткіншек кезекші сыныпта оқыған. Ол үйіне келгенде өзін жайсыз сезініп, ата-анасы жедел жәрдем шақырыпты. ПТР тестілеу нәтижесі қауіпті індетке оң нәтиже бергендіктен, онымен бірге оқитын сыныптастары түгелі 14 күндік карантинге оқшауланған. Мектепте дезинфекциялық шаралар өткізіліп, қауіпсіздік күшейтілген. Бұл – жаңа оқу жылы басталғалы бергі оқушылар арасында жұқпалы дерт тіркелген алғашқы оқиға. Жалпы қала мектептеріндегі кезекші сыныптарды қазір 12 мыңнан астам оқушы білім алып жатқанын айта кетейік.

Руфия Файнуллаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Бұл оқиғадан кейін бірден ата-аналармен шұғыл онлайн жиналыс ұйымдастырылып, әрбір баланы ПТР тестіден өткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Сондай-ақ профилактикалық және тазарту жұмыстары атқарылды. Ғимарат іші толық дезинфекциялық өңдеуден өтті.

Хабар 24 телеарнасы