432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл орман өрті 20% артты

  • 85
  • UPD: 15:51, 12.10.2020
Биыл орман өрті 20% артты

Биыл елімізде орман және дала өрті жиі тіркелді.

Өткен жылмен салыстырғанда 20 процент көп болды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді.

Айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орман өрті күрт көбейген. Ал Батыс Қазақстан өңірінде дала өрті әбігерге салды. Осыған байланысты Орман шаруашылығы комитеті қауіпті аумақтарда бақылауды күшейтеді.

Юрий Ильин, төтенше жағдайлар министрі:

– Жақын арада күн суытады. Қар түседі. Сол кезде орман және дала өрті болмайды. Биыл жиі тіркелді. Айталық, дала өрті былтырғымен салыстырғанда екі есе көп болды. Ал орман өрті 20 пайыз артты. Мұндай жағдайды болдырмау үшін Орман шаруашлығы комитетіне тиісті тапсырма берілді.      

228 адам өрттен қаза тапты. Осы ретте министр биыл қанша адамның өрттен қаза тапқанын да айтты. 228 отандасымыз тілсіз жаудың құрбаны болған екен. Қызыл жалын көбіне жер үйлерді шарпыған. Құтқару қызметіне күн сайын орта есеппен 100-150 қоңырау келіп түседі екен. Сондықтан мамандар, әсіресе, қыс мезгілі кезінде пеш жағарда аса сақ болуды ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы