427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда базарларында санитарлық талаптардың сақталуы тексеріліп жатыр

  • 89
  • UPD: 18:30, 12.10.2020

Елордада азық-түлік сататын базарлардағы рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін әкімдік, Тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын бақылау департаменті мен тәртіп сақшылары Сарыарқа ауданы бойынша тексерістер жүргізіп жатыр. Дәл қазір арна тілшісі Дариға Ташенова да комиссия мүшелерімен бірге осы рейдте.

Диктор:

- Дариға, бүгін базарларда тексерістер қалай жүріп жатыр?

Дариға Ташенова, тілші:

- Иә, шамамен бір сағаттан бұрын арнайы топ мамандары елордамыздың Сарыарқа ауданында орналасқан базарларды тексеруге кірісті. Бүгін демалыс емес, кәсіпкерлер заң бойынша өз жұмысын жүргізуге құқылы. Алайда, олар карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптарды орындауы тиіс. Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды. Айта кетейік, мұндай тексерістер карантин режимі енгізілген сәттен бастап-ақ жүріп жатыр. Осы уақыт аралығында карантин тәртібін бұзушыларға сомасы 133 млн теңгені құрайтын айыппұл салынған болатын. Өкінішке қарай, шағын және орта бизнес өкілдері коронавирус індетінің таралуына қарамастан, тәртіпті бұзуды қояр емес. Біреу жұмыс уақытының режимін орындамаса, басқалары кіреберісте санитайзер орнатпаған. Тағы біреулерінде дене қызуын өлшейтін термометрлер жоқ. Заң барлығымызға бірдей. Оны бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.

Айта кетейік, жеке тұлғаларға тағылатын айыппұл 83 мың теңгені құраса, кәсіпкерлердің сомасы одан әлдеқайда артық. Яғни, 230 мың мен 2,5 миллион теңге аралығында. Егер олар өз кінәсін мойындап, айыппұлын жеті күн ішінде төлеймін десе, оларға 50% жеңілдік беріледі.

Хабар 24 телеарнасы