427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынатын болды

  • 116
  • UPD: 18:56, 12.10.2020
Қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынатын болды

Бұдан былай қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға жоғары көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Ал, оны болдырмас үшін ұйымдар өз ісінде жаңа технологияны енгізуі тиіс. Мұндай талап бүгін Мәжілістің талқысына түскен жаңа экологиялық кодексте қаралған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшысының айтуынша, қоршаған ортаны ластаған үшін төлем әр үш жыл сайын өсе береді. Алдымен екі, кейін төрт, одан соң сегіз есе ұлғаяды. Бұл бірінші кезекте елдегі 50 ірі кәсіпорынды қамтымақ. Олардан бөлінетін эмиссия көлемі 70% болады. Айыппұл табиғатты қорғау іс-шараларына бағытталады. Бұл туралы жаңа заң жобасында да жазылған. Депутаттар экологиялық сақтандыру мәселесіне де көңіл бөлді. Жобаны әзірлеушілер тек бірінші категорияға жататын нысандарды сақтандыруды міндеттеген. Алайда, халық қалаулылары «қауіпті шаруашылық ісімен айналысатын өзге де кәсіпорындарға жауапкершілік жүктеу қажет», дейді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жобаны жетілдіруді талап етті.

 

Хабар 24 телеарнасы