432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанмен шекарада үш стационар ашылды

  • 1533
  • UPD: 21:51, 12.10.2020
Өзбекстанмен шекарада үш стационар ашылды

Түркістан облысының Өзбекстанмен шектесетін аумағында 3 карантиндік стационар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолында COVID-19 анықтамасы жоқ жолаушылардың барлығы сонда жатқызылады. Екі тәулікке оқшауланғандар сол жерде ПТР тестін тапсыруы тиіс. Соңғы аптада сырттан келген 406 адам сынама өткізіп, алтауынан вирус анықталды. Бір науқас ауруханаға жатқызылса, қалғандары клиникалық көрсеткіштері қалыпты болғандықтан, үй жағдайындағы карантинге алынды. Стационарлық бекеттер Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы