432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан көз жұмған 182 дәрігердің туыстарына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді

  • 124
  • UPD: 22:01, 12.10.2020
Коронавирустан көз жұмған 182 дәрігердің туыстарына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді

Коронавируспен күресте қаза тапқан медицина қызметкерлерінің туыстары 10 миллион теңге өтемақы алады.

Бұл ақпараттың барлық 182 ақ халатты абзал жанға қатысы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, 5 мыңнан аса маманға коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем жасалады. Аталған санаттағы адамдарды өңірлердің Денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссия анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды құзырлы министрлік жүзеге асырады. Одан кейін электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Содан соң ғана төлем тағайындау үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы