427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда күзгі ағаш егу науқаны басталды

  • 158
  • UPD: 23:23, 12.10.2020
Алматыда күзгі ағаш егу науқаны басталды

Қалалық «Жасыл экономика» басқармасының мамандары биыл жыл соңына дейін 300 мың түп тал-шыбық егуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Биыл жасыл желек егу науқаны қаладағы Алатау мен Наурызбай және Түрксіб аудандарында қызу жүруіп жатыр. Алатау ауданындағы Боралдай сақ қорғандарының аумағында 20 мыңнан аса тал егілді. Олардың басым көпшілігі жеміс-жидек ағаштары. Қаладағы ботаника саябағы мамандарының кеңесімен жол жиектеріне сүйір жапырақты ағаштарды көбірек егу көзделіп отыр. Өйткені олар ауаға бөлініп жатқан газдарды өзіне сорып алатын көрінеді.

Нұрлан Құттыбаев, «Жасыл экономика» басқармасының бас маманы:

- Жасыл желектерді отырғызу жұмыстары «Жасыл Алматы» акциясы шеңберінде өткізіліп жатыр. Бұл акцияның ішінде Алматы аумағына миллион ағаш отырғызу көзделген. Соның бастамасы былтыр 2019 жылы 135 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл 2020 жылы да, барлық мемлекеттен бөлінген қаражатпен кепілдік отырғызу бойынша 300 мыңға жуық жасыл желек отырғызу жылдың аяғына дейін көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы