427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ел аманаты» сауалнамасындағы сұрақтар саны толыға түсті

  • 165
  • UPD: 23:31, 12.10.2020
«Ел аманаты» сауалнамасындағы сұрақтар саны толыға түсті

Қарағанды облысының тұрғындары «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалындағы өзекті сауалдар санын толықтыра түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия өкілдері қолға алған «Ел аманаты» сауалнамасына денсаулық сақтау, білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастар саясаты, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері сынды 15 сауал енген еді. Алайда, ел-жерлерді аралау барысында өзге де проблемалар көтерілді. Қарағанды облысының Жезқазған мен Сәтпаев қаласына барған партия өкілдері жергілікті фермерлер мен ауылшаруашылығы тұрғындары қарапайым инфрақұрылымдық дамудан таршылық көріп отырғандарын көрді. Жалпыұлттық сауалға осы өңірдің оқытушылары мен фермерлері, бизнес өкілдері қатысқан.

Төлеутай Рахымбеков , «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:

- Енді көбінесе мәселелер жол, ауыз су мәселесі екі қаланың тұрғындарын алаңдатып отыр. Одан кейін азық-түлікпен қамтамасыз ету, оның бағасы да бар. Бағалардың тұрақты болуы сынды проблемалар көтеріліп отыр. Бір қуантарлығы, қазір біздің азаматтар бұрынғыдай емес, өздері де белсенді кірісіп отыр осы проблемалардың шешіліп, жолдарын табуына.

Хабар 24 телеарнасы