428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында карантинге бағынбағандар жауапқа тартылды

  • 78
  • UPD: 10:59, 13.10.2020

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғаны үшін 3 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Шектеу шараларын елемегендердің көбісі кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері. Оларға салынған айыппұлдың жалпы көлемі 150 млн теңгені құрады. Бұл соңғы 4 айда тіркелген деректер. Өңірде рейдтік шаралар жалғасуда. Арнайы мониторингтік топ қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді және басқа да кәсіпкерлік нысандарын жіті тексеріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, тұрғындар арасында әсіресе медициналық маска тақпау, отбасылық мерекелік шаралар өткізу деректері тыйылмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы