Шығыстағы кейбір таулы аудандарда қауіп қардан болуы мүмкін. Әсіресе Алтай, Қатонқарай өңірі мен Риддер қаласындағы елді мекендерде 15-20 метрге дейін қар жауады.
Әсіресе Алтай ауданындағы Зубовка ауылы көшкіннің өтінде тұр. Бұл ауылға 1977 жылы қар көшкіні түсіп 20-дан астам үйді басып қалған. Ал 2013 жылы тағы таудан қар сырғыған. Сондықтан көшкінге тосқын жасау жұмыстары талай жылдан бері айтылып келе жатқан. Ол жұмыс биыл атқарылды. Ауылдың алдындағы тауға аралығы 35 метр болатын 4 қатарлы қар тоқтатытын қалтқылар орнатылды. Бетоннан жасалған қар бөгеттерінің биіктігі 3 метр болады. Ал жалпы бүгінде аймақта 497 қар көшкіні түсетін аумақ бар. 336 жер өте қауіпті саналады. Бұл аумақтарда елдімекен мен автокөлік жолдары да бар.
Алексей Штыкель, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
- Бұл жобаның ерекшелігі тасқын мен тосқынға қарсы мұндай нысанды салу 15-20 жыл бойы айтылып келе жатқан. Міне биыл жүзеге асырдық. Оған қоса ағаштан емес бетоннан салынды. Сондықтан қар көшкіні мен көктемдегі тасқын қаупі сәл де болса сейілді.