429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-өзбек шекарасындағы бақылау бекеттерінен өтушілердің қарасы аз

  • 284
  • UPD: 15:38, 13.10.2020
Қазақ-өзбек шекарасындағы бақылау бекеттерінен өтушілердің қарасы аз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында санитарлық бекеттер жұмыс істеп тұр. Мұнда еліміздің аумағына өтетін әрбір азамат тексеріледі. Ал полимеразды тізбекті реакция, яғни ПТР тесті болмаған жағдайда, аудандық аурухана жанындағы стационарға жіберіледі. Әріптесім Нұрбек Байбосын қазір Түркістан облысындағы «Жібек жолы» шекаралық бақылау бекетінде тұр.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық бақылау бекетінде арлы-берлі өтіп жатқан азаматтар легі аз.

Бұрындары мұнда екі ел арасындағы қатынаушылар көп болатын. Бір күнде бұл жерден шамамен 50-100 ге тарта адам өтеді. Барлық азаматтардың санитарлық талаптарға байланысты ыстығы тексеріледі. Егер қолында ПТР тесті болса, шекарадан өтуде ешқандай қиындық болмайды. Ал тест нәтижесі болмаған жағдайда 2 күнге провизорлық стационарға жатқызылады. Ол кезде азаматтан ПТР тест алынады.

Түркістан облысы санитар дәрігерлерінің мәліметінше, соңғы апталарда 400-ден астам адам стационарға жатқызылған. Қазір Түркістан облысының Өзбекстан мен шекаралас үш ауданы Сарыағаш, Мақтарал, Келес аудандарында санитарлық бекеттер құрылған.

Хабар 24 телеарнасы