432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АШМ: Қазақстанның АӨК өндірісінің көлемі 4,4 трлн-ға жетті

  • 87
АШМ: Қазақстанның АӨК өндірісінің көлемі 4,4 трлн-ға жетті

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2020 жылдың 9 айында АӨК дамуы туралы ақпарат берді.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5%-ке артып, 4,4 трлн теңгені құрады. Өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7%-ке (2,5 трлн теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Аталған кезеңде мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,7%-ке артып, 1,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 3,8%-ке, сүт өндіру көлемі 3%-дан астамға өсті. Азық-түлік өндірісі 3,5%-ке 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сапархан Омаровтың айтуынша, өңделген күріш өндірісі 54,5%-ке (149,9 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 19,6%-ке (43,5 мың тоннаға дейін), сары май – 14,2%-ке (17,3 мың тоннаға дейін), құс еті – 11,4%-ке (78,9 мың тоннаға дейін), жарма –  10,9%-ке (66,9 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 10,9%-ке (136,2 тонна), ұн - 7,4%-ке (2,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері - 5,2%-ке (165,9 мың тоннаға дейін) өсті.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15,1%-ке артып, 380 млрд теңгеден асты. Азық-түлік өндірісі саласына инвестициялар 17,2%-ке артып, 65 млрд теңгеге жетті», – деп атап өтті Сапархан Омаров.

 

Хабар 24 телеарнасы