428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметтің отырысынан тікелей қосылым

  • 86
  • UPD: 11:55, 13.10.2020

Ел экономикасы жандана бастады. Тек өткен қыркүйекте жалпы ішкі өнім үш процентке дейін өсімді көрсетіп,  негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеден асқан. Бұл туралы дәл қазір өтіп жатқан Үкімет отырысында айтылды. Жиында елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатысты күн тәртібіне шығарылған бірнеше тақырыпты талқылау жоспарланған.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші: 

- Үкіметтің бүгінгі отырысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы республикалық бюджеттің орындалу барысын қараумен басталды. 

Тұтастай алғанда, бұл елдің әрі қарай өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселе. Белгілі болғандай, жыл басынан бері тек өткен айда ғана экономикалық үрдістердің оң өзгерістері байқалған. Атап айтқанда, қызмет көрсету саласында жұмыс қайта белсенді бола бастап, нақты секторда өсім сақталуда. Нәтижесінде, экономика жандана түскен. Сондай-ақ жекелеген салада оның ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі де де өсім байқалған. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды. Сөйтіп, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетіп отыр. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары және төмен өңірлер де аталып өтті. Ал негізгі каптиталға тартылған 8,3 трлн теңгені құраған. Сондай-ақ жиында алдағы бірер жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің жоспарын нақтылау мәселесі қаралатын болады.

Хабар 24 телеарнасы