427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантин күшейтілді

  • 110
  • UPD: 13:09, 13.10.2020

Атырау облысында шектеу шаралары..эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ бірқатар карантин талаптары күшейтілді.

Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты таңғы 8-ден түнгі 10-ға дейін қысқарды. Бұрын 23:00-ге дейін жұмыс істеген еді. Жаттығу залдары мен фитнес орталықтардың да қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дӘріханалардан бөлек сауда және ойын-сауық орталықтарының қызметіне шектеу қойылады. Жабық базарлар да сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағу қатаң қадағаланады.

Хабар 24 телеарнасы