Жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасы бойынша 24 мыңға жуық өтінім мақұлданды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
8 қазанда жаңартылған мәліметке сәйкес, 23 мың 935 адамға несие берілген. Қарыз 280 миллиард теңгеден асады. Бұдан бөлек «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша биыл 42 мың 736 өтініш мақұлданды. Берілген қарыз сомасы 294 миллиард теңгенің шамасында. Ерболат Досаев алдағы уақытта да Ұлттық банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландырып, қолдай беретінін айтты.