428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚКХП алимент өндіру заңнамасын өзгертуді ұсынды

  • 110
  • UPD: 14:00, 13.10.2020
ҚКХП алимент өндіру заңнамасын өзгертуді ұсынды

Алимент өндіруге қатысты заңнаманы өзгерту керек. Заңгерлермен кездескен Қазақстан Коммунистік халық партиясының белсенділері осындай пікір білдірді.

Олардың айтуынша, көптеген ана балаларына тиесілі алиментті ала алмай жүр. Мәселен, ол жалақыдан, зейнетақыдан және заңды тұлға ретінде тіркелген болса, ажырасқан ер азаматтардың айлығынан ұсталады. Ал өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткенімен мемлекеттік қазынаға ешқандай төлем жасамайтындар да жетіп артылады. Бұл тұрғыда сот орындаушылардың мүмкіндігі шектеулі. Алимент төлеушілердің тұрғылықты мекен-жайын дұрыс көрсетпеуі де біршама қиындық тудырады.

«Карантиндік шектеулер кезінде жұмыс істемеген азаматтардың біразы алимент төлей алмады. Ал оны әлеуметтік жәрдемақыдан ұстауға болмайды. Сондықтан бұл мәселелердің барлығы заңнамада ескерілуі тиіс» дейді коммунистік партия мүшелері. 

Сәуле Биғарова, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

- Алимент жөніндегі заңнамалар толықтырылуы керек. Анық емес. Әлі де талай шаруалар өту керек осы маңайда. Әрине өзіміздің 7 депутатымыз бар парламентте коммунистер фракциясынан осы заңнамаға тікелей қатысы бар. Сондықтан сол кісілерге бүгінгі қорытынды ретінде өзіміздің сұраныстарымызды, депутаттық сауалнаманы қосу ретінде жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы