427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсу-Жабағылы қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті

  • 105
  • UPD: 14:21, 13.10.2020
Ақсу-Жабағылы қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті.

Қызыл кітаптағы жануардың қайталанбас кадрлары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте тіркелген. Барыс – мысық тұқымдастардың ең жасырын жүретін өкілі. Сондықтан жаздыгүнгі биік тауларда таспаланған бейнелер аңның мекен ету ортасы мен популяциясын зерттеу үшін аса маңызды.

Барыс ілінген фототұзақтарды БҰҰ даму бағдарламасының Ғаламдық экологиялық қоры мен Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті орман экожүйесін сақтау мақсатында орнатқан.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 120-130 ілбіс мекендейді. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын азайып келеді.

Хабар 24 телеарнасы