428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеліктер кәсіпорындардың мұржасынан бөлінетін түтін иісінен тұншығып жүр

  • 235
  • UPD: 15:54, 13.10.2020

Биыл тоғыз айда Ақтөбеде елдің экологиялық заң талаптарын бұзғандарға 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Қоршаған ортаға жалпы сомасы 722 миллион теңге шығын келген. Оларды өтеу туралы 33 шешім шығарылды. Бүгінге дейін тек 51 миллионы қайтарылған. Ал қалғаны мәжбүрлі түрде өтеледі.  Десе де, тұрғындар облыс орталығында қолқаны қабатын жағымсыз иіс әбден қажытқанын айтады. Себеп не? 

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Ақтөбе еліміздегі ауасы ең ластанған қаланың біріне жатады. Шаһар ішіндегі көліктен шыққан шаң мен жеке үйлердегі түтіннен бөлек тұрғындарды мына алып кәсіпорындардың мұржасынан будақтаған улы газ тұншықтырады. Жергілікті Экологтардың айтуынша заттардағы қалдықты тазартып залалсыздандыратын сүзгі заман талабына сай емес. Оның үстіне кәсіпорынның көбі қаланың жел жақ бетіне орналасқан. Сондықтан тұрғындарға қолқаны қабатын ауамен тынсытаудан басқа амал қалмаған.

Қаланың бүкіл қоқысы жиналатын палигон да алып кәсіпорындармен қатарлас орналасқан. Дәл осы жерде қоқыс сұрыпталады, өңделеді. Сондай-ақ мұнда медициналық қалдықтар өртеу арқылы жойылады. Әрине құжатта бәрі керемет. Бірақ іс жүзінде экологиялық заң талаптары мүлде сақталмайды.

Евгений Лазарчук, «Актобе, дыши» еріктілер қозғалысының жетекшісі:

- Мұнда медициналық қалдықтар ешқандай сұрыптаусыз, сүзгісіз ашық әдіспен өртеледі. Қоқыс өртеуді адам аяғы басылып, қараңы түскенде бастайды. Кеше түнде әлеуметтік желіде тұрғындардан шағым түскен соң арнайы келіп қарадық. Бетонмен қоршап, өртейтін алаң дайындап қойған. Ешқандай мұржа, сүзгі деген жоқ. Ал құжаттарында арнайы пеш, сүзгі бар. Улы түтін қалаға кетіп жатыр.

Ауаның тазалығы үшін ат салысып жүрген белсенді топ қалдықты ашықтан ашық жағып жатқан компанияның үстінен шағым түсірген. Енді мәселені мемлекеттік органдар қарайды. Тұрғындарды қою түтінмен қоса қолқаны қабатын жағымсыз иіс те мезі еткен. Әсіресе жаз мезгілінде үйінің терезесін ашып кең тыныстай алмайды.

Кәріз жүйесіне жауапты компания өкілінің айтуынша, жағымсыз иістың шығуына тұрғындармен қатар жеке кәсіпкерлік нысандар да кінәлі. Себебі қалдық суды сүзгіден өткізбейді.

Тимур Бабанаев, Aqtobe Su-Energy Group АҚ Бас директорының орынбасары:

- Қаланың сыртында 7 шақырым жерде КОС бар.  Қаланың бүкіл кәріз сулары сол жаққа барып төгіліп сол жақта тұрады. Экология департаментімен қосылып маниторинг жасап жүрген кезде қоғамдық адамдармен бірге шыққаның өзінде ол жерде иіс жоқ. Нақты бір кәсіпорындардың халықтың өзінен де бар барлық қоқсын тастайды немесе мекемелер көп көлемді заттарын тастаған кезде қаланың бойымен жүріп, иіс шығарады.

Маманның айтуынша мәселені шешудің екі жолы бар. Ол кәсіпкерлік нысандарды тәртіпке шақырып, жауапкершілігін арттыру, екіншісі құбыр ішіндегі су айдайтын насостарды жаңарту.

Тимур Бабанаев, Aqtobe Su-Energy Group АҚ Бас директорының орынбасары:

- Бізде 50- ден астам КНС бар. Соның ең үлкендері оншақты.  Соларға әрине фильтр қойып жатырмыз.

Жібек Тальжанова, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Кешенді жол картасында негізгі тармақтарының бірі қаладағы жағымсыз күкіртсутегімен ластанудың болдырмау мақсатында кәріз сору станцияларында катализаторларды қолдану. Және ең негізгісі кәріз тазалау ғимаратын қайта өңдеу шараларын жүргізу қажет. Ақша бөлінді жұмыстар бастау алды.

Биыл шілдеде қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған кешенді жол картасы әзірленді. Осы жылы межеленген жұмысқа қаржат бөлінген. Ал жалпы жопсар 2023 жылға дейін іске асырылуы керек.

Автор: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы