427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада заңсыз ойын бизнесінің екі орны анықталды

  • 83
  • UPD: 15:52, 13.10.2020
Елордада заңсыз ойын бизнесінің екі орны анықталды ombudsmanbiz.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады.

Ведомство баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, екі мекенжай бойынша орналасқан орындарды тексеру барысында процессорлар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнетіркеуіштер, интернет-модемдер, сондай-ақ ақша қаражаты анықталып, тәркіленді. Сол уақытта аталған жерде ойыншылар мен ойын әкімшісі болды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 307-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалып, (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы