429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин тәртібін бұзудың 3 мыңға жуық дерегі анықталды

  • 156
Алматы облысында карантин тәртібін бұзудың 3 мыңға жуық дерегі анықталды

Алматы облысында өткен бір жарым айдың ішінде карантиндік шектеу шарасын бұзудың 3 мыңға жуық дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 122 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр. Тамыз айының 17-сінен бастап облыс аумағындағы 24 мыңға жуық нысан өз жұмыстарына қайта кірісті. Мамандар бұл жолы жанармай құю бекеттері мен сауда нүктелерінде рейд жүргізді. Нәтижесінде аталған нысандарда бетперде тағып жүру режимінің жиі бұзылатыны анықталды. Енді бірқатарында санитайзерлер мен залалсыздандыру кілемшелері қойылмаған. Ал мемлекеттік мекемелерде кезек күту барысында арақашықтық сақталмайды.

Шайгүл Боранбаева, сауда үйінің әкімшісі:

– Иә, өздеріне жауап беруі керек әркім. Қадағалап отырмыз. Біздің де жұмысымыз бар.

Сәкен Мелдебаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Карантиндік талаптарды сақтамау салдарынан жұқпалы ауруға шалдығу қаупі арта түсетінін бәрі біледі. Сонда да әрбір рейд сайын осындай көптеген заңбұзушылық анықталады. Осылай жалғаса беретін болса, күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы