432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда оттегі орталығы іске қосылады

  • 219
  • UPD: 19:50, 13.10.2020
Көкшетауда оттегі орталығы іске қосылады

Бұл туралы коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына әзірлік барысын баяндаған облыстық аурухананың бас дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылысына 56 млн теңге жұмсалған нысан қаладағы екі бірдей емдеу мекемесіне минутына 300 литр оттегі таратады. Дәрігерлер енді бұрынғыдай баллон тасып жүрмейді. Осы айдың соңына дейін облыс орталығында 200 орындық жаңа инфекциялық аурухана ашылады. Бұдан бөлек, екінші толқынға аймақта 3 сценарий бойынша дайындық жүріп жатыр. Қазір 400-ден астам орын жасақталған. Ал жағдай ушығып бара жатса, 2500 орын, тіпті 5 мың төсекке дейін шығара аламыз дейді мамандар. Дәрі-дәрмек пен дәрігерлерге қажетті заттар жеткілікті да көрінеді.

Нұрлан Жаров, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

– Жеке қорғаныш заттары, дезинфекциялық сұйықтықтар мен дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ госпитальдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің кадрлық резервін жасақтадық. Олардың құрамында дәрігерлермен қатар орта медициналық персонал да бар. Жалпы біздің аурухананың өзі 280 орын дайындап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы