432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 300-ден астам жер телімі заңсыз үлестірілген

  • 123
  • UPD: 19:52, 13.10.2020
Алматы облысында 300-ден астам жер телімі заңсыз үлестірілген

Алматы облысындағы жергілікті атқарушы билік өкілдері биыл 300-ден астам жер телімін заңсыз үлестірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар қазір 4 мың жер теліміне қатысты талап-арыз әзірлеп жатыр. Өткен жылы жер қатынастары туралы заңнаманы бұзған 900 дерек анықталған еді. Басым бөлігі жер телімін заңсыз үлестіру және ауыл шаруашылына арналған жерлердің мақсатын өзгертуге қатысты тіркелді. Мәселен, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жер комиссиясының отырысы өтпестен, оны шаруа қожалығына беру туралы шешім қабылданғанын анықтаған. Заңсыз үлестірілген жерлер, негізінен су қорғау және одан өзге де санитарлық аймақтардың аумағына кіреді. Жергілікті атқамінерлер тіпті бейіттер мен жол салуға арналған жер учаскелеріне дейін сатып жіберген. Алматы облысында мұндай заңбұзушылықтар жылдан жылға артып келеді.

Асқар Жолдығұтов, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы:

– Біз бір ғана Қарасай ауданы бойынша қазір заңсыз үлестірілген жер телімдеріне байланысты 4 мыңнан астам талап-арыз әзірлеп жатырмыз. Ал Іле ауданында 200-ден астам жер телімі заңсыз берілген. Мұның барлығы жергілікті әкімдіктер тарапынан жасалған заңды белден басушылық деректері болып есептеледі.

Ләззат Бейсеқұлова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алматы облысы бойынша департаменті басшысы:

– 2019 жыл бойынша 30-дан астам тәртіптік іс қаралса, әдеп жөніндегі кеңес отырысында, бүгінгі күні 2020 жылдың 9 айында 86 тәртіптік іс қаралды. Осы 86 тәртіптік істің 40 пайызы осы жер саласы мәселесіне қатысты болды. Осы мәселе бойынша былтырғы жылы 7 адам, /мемлекеттік қызметші/ жауапкершілікке тартылған болса, бүгінде 20-дай мемлекеттік қызметші әртүрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы