429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы шекара бекеттерінің бірінде шу шықты

  • 137
  • UPD: 21:13, 13.10.2020

Сақтандыру қызметін ұсынатын кәсіпкерлер арасында жер дауы туып, салдарынан кейбір инвестициялық жобалары жүзеге аспай қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодарлық Ольга Волошина 2017 жылдан бері Жаңа Жол шекара бекетінің жанынан жол бойында қызмет көрсету орталығын кеңейте алмай келеді. Жергілікті әкімдік түрлі себептермен өзге өңірдің кәсіпкерлеріне жер учаскесін жалға бермей отыр. 

Ольга Волошина, заңгер:

– Ақша айырбастау орнын, шағын асхана және сақтандыру қызметін ашқымыз келген еді. Ол үшін 4 жылдан бері өтініш жазып келеміз. Былтыр тіпті сомасы 6 миллион теңге болатын инвест жоба дайындадық. Наурызда өтінішіміз мақұлданған болатын. Бірақ әлі жұмысымызды бастай алмай отырмыз.

Жаңа Жол шекара бекетінен күніне жүздеген көлік өтеді. Бұл жер бүгінде нағыз бизнестің ордасына айналған. Шағын ғана аумақта сақтандыру қызметін ұсынатын 11 компания жұмыс істеп тұр. Бәсекелестік орнаған соң, кәсіпкерлер арасында да дай-даумай туындаған. Тіпті іс сотқа дейін жетті.

Ольга Волошина, заңгер:

– Учаскемізге енді қол жеткіздік деген кезде бәсекелестеріміз бізге жердің дұрыс берілмегендігін айтып шағымданды. Салдарынан жер қатынастары инспекциясы қаулыны кері қайтарып алу үшін ұйғарым шығарды.

Бұл ұйғарым маусым айында шыққан. Мамлют аудандық әкімдігінің өкілдері оны былай түсіндіріп отыр. 

Серік Дүйсембаев, Мамлют аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Тексеріс кезінде павлодарлық азаматшаның инвестициялық жобасы ауданның даму жоспарына кірмегендігі белгілі болды. Осының негізінде біз қаулыны қайтарып алдық. Бірақ кезінде ол жоба комиссияның отырысында қалай қабылданған екен? Басты сұрақ осы болып отыр.

Қазір бұл іске жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кірісті. Олар «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында мәселенің ақ қарасын анықтамақ. Ал жергілікті билік болса, сақтандыру онлайн түрде жүргізілсе мұндай проблема туындамас деп отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы