429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жабайы құстарды атуға рұқсат берілді

  • 112
Қостанай облысында жабайы құстарды атуға рұқсат берілді

Қыркүйек айында аймақта құс тұмауы өршіп, жеке үй мен фабрикада төрт жүз мыңдайы қырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетке қарамастан жануарлар дүниесі инспекциясы күзгі аңшылық маусымына тыйым салған жоқ. Жыл сайын жеті миллионға жуық құс жылы жерлерге облыс аумағы арқылы ұшады. Қазір жалпы саны 102 аңшылық шаруашылығы тіркелген. Сол жерлердегі су тоғандарында үйрек, қаздардың өлекселері табылмаған. Демек тұмаудан қауіп жоқ дейді мамандар. Аймақта аңшылық маусымы 30 қарашаға дейін жалғасады.

Мұрат Байділдин, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

– Арқалық жабайы құстардың негізі қаздардың миграциялық жолы ғой. Бірақ қазіргі мониторинг бойынша Арқалық төңірегінде жабайы құстардың арасында қаздардың қырылуы байқалған жоқ. Жаппай қырылу құс фабрикасында. Бір ғана аумақтың ішінде ғана. Ал жабайы жануарлар арасында ондай оқиға тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы