429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жезөкше жігіттердің жеңгетайы ұсталды

  • 202
Талдықорғанда жезөкше жігіттердің жеңгетайы ұсталды

Ер адамдардың бұл қызметін 33 жастағы әйел ұйымдастырып отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы полицейлерге түскен ақпарат жедел іс-шара барысында расталды. Күдікті қаладағы монша кешендерінің бірінде қылмыс үстінде қолға түсті. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол осында әкімгер болып жұмыс істеген. Енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді.

Ақбота Әзірбекова, облыстық ПД ресми өкілі:

– Бұл факті бойынша ҚР ҚК 309-баптың 1-бөлігі, яғни жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және притонды ұстау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы