427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында итбалықты ұрғандарға қатысты іс тоқтатылды

  • 100
Маңғыстау облысында итбалықты ұрғандарға қатысты іс тоқтатылды

Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстың құрамы болмауына байланысты өкілетті орган осындай шешімге келіп отыр. Биыл шілде айында Құрық елді мекенінде жағалауға жақын жүзген итбалыққа бірнеше адам тас лақтырып, таяқпен ұрған еді. Теңіз жануарын қорлағандар арасында балалар да болды. Әуесқой түсірілім көп ұзамай әлеуметтік желіде жарияланды. Оны зерттеген тәртіп сақшылары төрт күдіктіні ұстады. Олар өзіне шабуыл жасауы мүмкін деген оймен итбалықты теңізге қуып тастағандарын айтып ақталған.

Әйгерім Ибадуллаева, полиция департаменті бөлім басшысының м.а.

– Итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты қозғалған тергеу ҚР қылмыстық-процессуалдық Кодекстің 35-бабының 1-бөліміне сәйкес тоқтатылды. Теңіз жануарына жәбір көрсеткендер келтірген дәйек есепке алынып, қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды.

Хабар 24 телеарнасы