428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Орындалмас арман» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 71
  • UPD: 22:31, 13.10.2020

Бүгін сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасында ақиқат пен жалған, махаббат пен арман астасқан «Орындалмас арман» телехикаясының бірінші бөлімі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туындыда куаныш пен өкініш, байлық пен мансап, жалпы қазіргі заман бейнесі көрініс тапқан. Телехикая 25 жастағы Қайрат пен оның отбасында болып жатқан сан-алуан оқиғаларды баяндайды. Басты қақтығыс Қайрат пен өгей әкесінің арасында өрбиді. Шетелден білім алып, Алматыға келген Қайрат өзінің жүрек қалауы Іңкәр есімді арумен тағдырын қосқысы келеді. Бірақ бұл шешімге анасы қарсы шығады. Себебі неде? Оның жауабын «Хабар» арнасынан бүгіннен бастап 22:30-да көрсетілетін жаңа телетуындыдан біле аласыздар.

Малика Маратқызы, телехикая редакторы:

– Жалпы, бұл телехикаяның халыққа берері мол деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде отбасылық және де бизнес саласында күрес жүреді.

Хабар 24 телеарнасы