428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте 53-орынға ие болды

  • 141
  • UPD: 10:02, 14.10.2020
Қазақстан денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте 53-орынға ие болды

Ең ірі Numbeo мәліметтер базасында денсаулық сақтау деңгейі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды.

Тізімде Қазақстан 93 елдің ішінде 53-орынға ие болды, деп хабарлады ranking.kz.

Сонымен қатар еліміз ТМД елдерінің ішінде денсаулық сақтау жүйесінің сапа индексі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Қазақстан Беларусь (59-орын), Ресей (63-орын), Украина (78-орын) және Әзербайжанды (91-орын) басып озды.

Рейтинг денсаулық сақтау жүйесінің сапасын, жабдықтардың қолжетімділігін, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін, емханалардағы қызметтердің бағасын саралайды. Осы рейтингте әлем елдерінің үздік бестігіне Тайвань, Оңтүстік Корея, Франция, Жапония және Дания енді.

2020 жылдың қаңтар-шілдесінде елімізде денсаулық сақтау саласында 749,2 млрд теңге сомасында қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,2% артық. Оның ішінде қызметтердің 80,4%-і бюджет қаражаты есебінен, 11,8%-і тұрғындар есебінен, 7,8%-і кәсіпорындар есебінен көрсетілген.

Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі: 128,5 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 22,6% артық. Екінші және үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (104,2 млрд теңге, +10,1%) және Қарағанды ​​облысы (53,1 млрд теңге, +24%) тұр.

Хабар 24 телеарнасы