428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік салығы: Шымкентте 70 мың адам 1 млрд 887 млн теңге берешек

  • 151
  • UPD: 09:56, 14.10.2020
Көлік салығы: Шымкентте 70 мың адам 1 млрд 887 млн теңге берешек Полиция департаменті

Шымкентте салық төлеуден жалтарып
жүргендер мемлекет бюджетіне 2 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды.

Салықтық төлемдерін өндіру бойынша
Шымкент қаласы Полиция департаменті,
қалалық Мемлекеттік кірістер
департаменті және Өңірлік жеке сот
орындаушылары палатасы арасында
ынтымақтастық меморандумы түзілген.
Аталған меморандумға сәйкес жұмысшы
топ құрылып, қала аумағында 4 ауданға
бөлініп, салық төлемей жүрген
азаматтарға рейдтік іс-шаралар
жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік кірістер департаментінің
мәліметі бойынша, қазіргі таңда 70 000
салық төлеуші өз көліктері үшін
мемлекет бюджетіне 1 млрд 887 млн теңге
толықтырулары қажет.

Хабар 24 телеарнасы