432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордаға ПТР-анықтамасыз ұшып келген 118 жолаушы карантинге жатқызылды

  • 148
  • UPD: 11:13, 14.10.2020
Елордаға ПТР-анықтамасыз ұшып келген 118 жолаушы карантинге жатқызылды

Өткен түні Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына 569 жолаушы ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 118-і ПТР-сынама тапсырғанын растайтын анықтама көрсете алмады. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жолаушылар стационарлы карантинге жіберілді. Ұшып келгендердің дене қызуы қалыпты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай өткен тәулікте сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 106 адам үйіне жіберілді. Ал карантиндегі 125 жолаушының вирус жұқтырған-жұқтырмағаны кешке дейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы