429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме

  • 153
  • UPD: 12:54, 14.10.2020
Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізіле ме?

Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай соны талап етсе, енгізіледі. Бірақ қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтаймыз деп үміттенеміз. Әр азамат маска тағып, арақашықтық сақтап, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмай, коронавирустың таралмауына атсалысса, карантин енгізілмейді», - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Хабар 24 телеарнасы