427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің айналасы бей-берекетсіз үйілген қоқысқа толып қалған

  • 147
  • UPD: 11:37, 14.10.2020
Ақтөбенің айналасы бей-берекетсіз үйілген қоқысқа толып қалған

Ақтөбе қаласы тұрмыстық қалдықтың ортасында қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардың айналасында бей-берекетсіз үйілген 700-ден астам қоқыс орны анықталды. Оны ғарыштан түсірілген суреттер анық көрсеткен. Осыған байланысты экологтар жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ондаған жылдар бойы жиналған үйінділерді жою туралы ұйғарым берген болатын. Бүгінгі таңда әр жерде жиналған қоқыс тиісті полигонға жеткізілді. Қазір эколог мамандар жаңа түсірілімдерді зерттеуге кірісті.  Олар қоқыс қайта жиыла ма деп қауіптеніп отыр.  Себебі, тұрғындар тәртіп сақшылары мен экологтардың көзін ала бере төге салуды әдетке айналдырған.

Гүлжайнар Әбдірахманова, облыстық экология департаментінің бас маманы:

- Мердігер компаниялар болуы мүмкін емес. Олар қатаң бақылауда. Олардың әр техникасында GPS апппараты орнатылған. Анықталған жер учаскелеріндегі жатқан көбіне бұл тұрмыстық қатты қалдықтар және құрылыс қалдықтары орналасқан. Құқық бұзушылыққа жол берген нақты тұлға анықталған жағдайда міндетті тұрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы