432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: Жазда коронавируспен ауырғандар қайта вирус жұқтыруы әбден мүмкін

  • 153
  • UPD: 13:27, 14.10.2020
ҚР ДСМ: Жазда коронавируспен ауырғандар қайта вирус жұқтыруы әбден мүмкін

«Коронавирустың келесі толқынына дайындық қызу жүріп жатыр», деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ел бойынша 51 мың төсек-орын дайын тұр. Қажет болса, жетпіс мыңға дейін көбейтуге болады. Қазір тек екі мың орын қолданыста. Өңірлерде дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр. 16 млрд теңгеге дәрілік препараттың 91 түрі алынған. Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест бағасын 22%-ке дейін арзандату туралы ұсыныс жасаған. Сонымен қатар жеке қорғану құралдарының бағасы да төмендейді. Осы айдың соңына дейін нақты тариф бекітіледі. Сондай-ақ министр «жаз мезгілінде коронавируспен ауырғандар қайта вирус жұқтыруы әбден мүмкін», дейді. Себебі, адам бойында антидене 1 айдан 5 айға дейін сақталады. Ол жойылған кезде ағзаның қорғаныс реакциясы төмендейді. Сондықтан бұрын ауырғандар да аса сақтанып жүргені жөн. Әзірге елімізде мұндай жағдай тіркелмеген.

Хабар 24 телеарнасы