432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

6 қазаннан бастап үш мыңнан астам жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған

  • 142
  • UPD: 13:49, 14.10.2020
6 қазаннан бастап үш мыңнан астам жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған

6 қазаннан бастап шекарадағы көлік өткізу бекеттерінен 33 мыңнан астам адам өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі өз еліміздің азаматтары. Он мыңдай шетелдік жолаушы бар. Сыртта келгендердің 3 мыңнан астамы карантиндік стационарға жатқызылған. Оның ішінде 60 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Халықаралық әуе рейстерімен 15 мыңға жуық жолаушы келген. Қолында анықтамасы жоқтар тест тапсырып, 10 адамнан коронавирус анықталды. Қазір шекарада бақылау және тексеру шаралары күшейтілді. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатындардың тест қорытындысы болуы тиіс. Болмаған жағдайда карантиндік стационарға жатқызылады.

Айта кетейік, Украина, Германия, Беларусь пен Біріккен Араб әмірлігі елдеріне әуе рейстері қысқартылады. Бұған дейін, Түркияға ұшатын рейстер азайтылған еді.

Хабар 24 телеарнасы