428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғалжын тұрғындары ауыз суға зәру

  • 137
Қорғалжын тұрғындары ауыз суға зәру

Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданының тұрғындары ауыз суға зәру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков бүгін Мәжілісте өткен жиында осы мәселеге қатысты Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, Қорғалжын – Шалқар бағытындағы магистральдің ұзындығы 30 шақырым. Бірақ 50 жыл бұрын салынған су құбыры әбден тозған. Бес жылдан бері Шалқар ауылына ауыз су автокөлікпен жеткізіледі. 2010 жылы ауылда салынған ішкі құбыр тек төрт жыл ғана қызмет еткен. Бүгінде қараусыз қалған құбырдың жағдайы көңіл көншітпейді. Тіпті Қорғалжын ауданының тұрғындары былтыр қыста мұзды ойып, қарды ерітіп ішуге мәжбүр болған. Өкінішке қарай, содан бері жағдай еш өзгермеді. Осыған байланысты депутат елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қажетті қаражатты бөлуді сұрады.

Хабар 24 телеарнасы