432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның шалғай ауылдарында онлайн оқу оңай болмай тұр

  • 197
  • UPD: 14:57, 14.10.2020

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында интернет байланысы өте нашар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан онлайн оқу студенттерге оңай болмай тұр. Мәселен, 870 тұрғыны бар Үштөбе ауылында 72 студент осы қиындықты бастан кешуде. Қазір білім қуған жастар еріксіз аудан орталығы Ақсуатқа немесе Семей, Өскемен сияқты қалаларға барып пәтер жалдауға мәжбүр. Интернет үшін қосымша қаражат тағы шығындайды. Ал ата-аналарды алаңдатып отырғаны – балаларының денсаулығы. Өйткені жүріс-тұрыс көбейгендіктен, қауіпті індетті жұқтыру ықтималдылығы да артары сөзсіз. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл туралы бірнеше рет республикалық құзырлы мекемелер мен байланыс операторларына хат жазылғанын айтады.

Құралай Бейісбекова, көп балалы ана:

- Интернет жоқ біздің ауылда, еріксіз қалаға жіберіп отырмыз. Пәтер жалдау, тамағы бар, әрі-бері жүргені бар, оңай емес бәрімізге сол. Соған интернет берсе бізге, телефон болса, мектептегі интернет жылдамдығы келмейді, бізге онлайнмен оңай емес анау жақта. Үйде оқыса, интернет болса, соны сұраймыз, өтінеміз.

Әріп Құнафин, Үштөбе ауылының тұрғыны:

- Балаларға алаңдаймыз біз, мына екінші толқын келе жатыр деп, соған алаңдаймыз. Ол енді жүрмей, дүкенге бармай тұрмайды емес, сол үшін алаңдаймыз балаларға. Одан кейін мектебімізде бар интернет ол өзі жүрмейтін интернет. Құжат бірдеңе жіберейін десең, созылып тұрады, үзіліп қалады. Мұнара тұр, ол немене мұнара екенін білмейміз, ол тұрғалы 5 жыл болды. 5 жылда ештеңе істеген жоқ, құр әкеліп қойды, ішінде бәрі жағдайы бар, контейнері бар, тарелкасы бәрі тұр, ол қандай себеппен тұрғанын біз білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы