432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Онлайн шағымдану қызметі халық арасында сұранысқа ие

  • 115
  • UPD: 14:30, 14.10.2020
Онлайн шағымдану қызметі халық арасында сұранысқа ие

Азаматтар тарапынан тікелей мемлекеттік органдарға жолданатын үндеулер мен шағымдар саны 23 миллионнан 1,5 миллионға дейін азайды.

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сабина Садиева мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштің төмендеуінде құлақ асатын мемлекет құру қағидасы ықпал етті. Мәселен, елордада бұл міндетті I-Komek бірыңғай хабарласу орталығы атқарып отыр. Биылдың өзінде оның мамандары 1,7 миллион шағым қабылдап үлгерді. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе артып отыр. Көбінесе азаматтар арасында тұрғын үй шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік салалары бойынша сұрақ туындайды.

Жаннат Дубирова, қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының директоры:

- Орталық мамандарының жауап беретін уақыты мемлекеттік органдарға қарағанда әлдеқайда аз. Біз шамамен бір апта ішінде мәселені шешуге тиіспіз. Жүйені толықтай цифрландырылған. Ол өте ыңғайлы. Мысалы, емхананың бас дәрігерлері I-Komek мобильді қосымшасы арқылы түскен шағымдарды көріп, оқып отырады. Нәтижесінде қаладағы барлық коммуналдық кәсіпорындар халықтың көкейіндегі түйіткілдерді бұрынғыдай бір аптада емес, 2 күн ішінде шешіп бере алады.

Хабар 24 телеарнасы