428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#Birgemiz: Петропавлда 5000 мұқтаж отбасыға қаржылай қолдау жасалды

  • 138
  • UPD: 15:09, 14.10.2020
#Birgemiz: Петропавлда 5000 мұқтаж отбасыға қаржылай қолдау жасалды

Петропавл қаласында әлеуметтік жағдайы төмен 5 мыңдай отбасына «Birgemiz» қорынан қаржылай қолдау жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бәріне Елбасы – «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 250 млн теңгеге жуық ақша аударылды. Осы жолғы бір реттік көмек бұған дейін алмаған адамдарға көрсетілді. Жалпы бұл пандемеия басталғаннан бері жасалған бесінші төлем. Нақтырақ айтсақ, 23 мыңнан астам солтүстікқазақстандыққа 1 млрд теңгеден астам қаржы үлестірілді.

Резеда Баймұхаметова, қала тұрғыны:

- Көрсетілген көмектің тек қана материалдық жағынан қымбаттығы емес, моральдік жағынан да көптеген сұрақтар бар да. Өйткені жаның жылынады да, мен де біреуге керек екенмін. Мемлекетте адамдар бар екен, мынау мүгедектерге көзқарасын бөліп, уақытын бөліп, осыншама ақша бөліп жатқандықтан, мен ойлаймын, мүгедектер қолдаусыз қалмайды.

Нұрсаят Сәркен, «Nur Otan» партиясы СҚОФ қызметкері:

- Бір реттік материалдық көмек 7 санат бойынша берілді. Олар: аз қамтылған, көп балалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және де ең төмен зейнетақы алатын адамдар мен жетімдер.

Хабар 24 телеарнасы