427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин талаптарын бұзған елордалық бизнес субъектілері жабылады

  • 98
Карантин талаптарын бұзған елордалық бизнес субъектілері жабылады

«Мобильді топ карантин режимін сақтауды бақылау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда», – деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Полицейлер, СЭС өкілдері және Байқоңыр ауданы әкімдігінің қызметкерлері өткен тәулікте бірқатар нысанды тексерді. Кәсіпорындар мен мекемелер әлі де болса талаптарды орындамаған.

Байқоңыр ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, жиі талап бұзған нысандар арасында белгілер мен дезинфекциялық кілемшелердің болмауы, жұмыс режимінің сақталмауы көп кездеседі.

Атап айтқанда, Т.Хусеин көшесі, 11-үй мекенжайындағы көлік жуу орнының иелері жұмыс режимін бұзған. Сағат 22:45-те мекеме ашық болған.

Кенесары көшесі, 47-үй мекенжайындағы «Мафия» ойын клубында қорқор шегуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ мобильді топ «Шанхай» базарынан талап бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, кіреберістегі дезинфекциялық кілемшелер, белгілер мен санитайзерлер болмаған. Термометрия тексерілмеген.

Басқа аудандардағы тәртіп бұзған нысандар: «Империя» СПА-салоны (Ырғыз к-сі, 23) «Sova» караоке-клубы (Күйші Дина к-сі, 24) «Мадина» дүкені (Борабай к-сі, 10).

«Әр ауданда екі мобильді топ жұмыс істейді: біреуі күндіз, екіншісі кешке. Қазіргі таңда карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Сондықтан мобильді топтар тексеретін негізгі орындар халық көп болатын жерлер: базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, мектептер, өндірістік кәсіпорындар. Тексерулер барысында біраз кемшіліктер анықталуда: жұмыс графигінің, маска тағу тәртібі, әлеуметтік қашықтық сақталмауы, кассаларда адамдардың топталуы көптеп орын алуда. Көп кәсіпорындарда санитайзер ілініп тұрғанмен, оны халық қолданбайды. Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады», – дейді Байқоңыр ауданы Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Икласова.

Еске сала кетейік, елордада 14 қазаннан бастап ШОБ жұмысына жаңа шектеулер енгізілді. Заң бұзғаны үшін айыппұл салынады. Тұрғындарға маска тағу режимін қатаң сақтау, антисептиктерді қолдану және қашықтықты сақтау қажет.

 

Хабар 24 телеарнасы