432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

  • 133
Павлодарда зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

«Павлодарда зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды», – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қысқа мерзімде жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен жүргізушіні анықтады. 12 қазанда М.Жүсіп-Лермонтов көшелерінің қиылысындағы ВАЗ-21214 автокөлігімен жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 74 жастағы зейнеткерді қағып кетті. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді.

«Бақылау камераларынан бейнематериалдарды зерттей отырып, біз Короленко мен Торайғыров көшесінен ЖКО орнына дейінгі қозғалыс бағытын орнаттық. Нысандардың камераларына автокөлік нөмірі орнатылды. Сондай-ақ база бойынша жүргізуші анықталды. Содан кейін ЖКО орнынан жасырынған тұрғынның жүру бағытын қалпына келтірді. Ол – 76 жастағы зейнеткер, Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты», –деді Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Көлік айып тұрағына қамалды. Алдағы уақытта тексеру жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы