432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан емханаларына COVID-19 анықтайтын зертхана кешендері орнатылады

  • 148
Нұр-Сұлтан емханаларына COVID-19 анықтайтын зертхана кешендері орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ПТР анализдерін өткізу үшін қалалық емханаларда 9 изотермиялық зертхана кешенін орнату жобасын жүзеге асыруда.

Бұл зерттеу көлемін ұлғайтуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кешендердің жалпы қуаттылығы тәулігіне 1,5 мың зерттеуді құрайды. Тест нәтижелері бірнеше сағат ішінде дайын болады.

Жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19-дан емделушілерге, өткір респираторлық вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастарға, COVID-19 пациентімен тығыз байланыста болған адамдарға, амбулаториялық емде жатқан және клиникалық хаттамаға сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің бақылауында болатын COVID-19 пациенттеріне ақысыз ПТР әдісімен тестілеу қарастырылған.

Сондай-ақ жоспарлы және шұғыл стационарға жатқызылған науқастар, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер үшін ПТР тесті ақысыз жүргізіледі.

Бүгінде қалада коронавирус инфекциясына биоматериал жинауға арналған 13 зертхана бар. Онда сіз тегін тест тапсыра аласыз. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың сынақтан тұрады. Қазіргі уақытта 421 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, әлі 165 мыңға жуық сынақ бар.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы