428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда түрме басшысы сотталды

  • 122
  • UPD: 21:33, 14.10.2020
Қарағандыда түрме басшысы сотталды

Қарағандыдағы АК-159/1 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Сотталушы жазасын өтеп жатқан үш бірдей қылмыскерді танысының үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көмекке жіберген. Осылайша заң бұзып қоймай, қоғамға қауіп туғызған. Енді оның өзі де түрмеде отырады.

Әмірхан Оралбеков, Қазыбек би аудандық сотының маманы:

- Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді. Сот жаза тағайындау кезінде мұндай әрекеттер мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан олар қоғамға қауіп төндіреді деп атап өтті. Сот үкімімен Көпееев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әділет полковнигі арнаулы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы