432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмған адам мәйітіне талдау жасалды

  • 175
  • UPD: 22:40, 14.10.2020

Қазақстанда алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандардың денесіне талдау жүргізілді. Алматы облысында 65 адамның мәйітін тексеру барысында вирусты жұқтырған жағдайда кімдерде өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін екенін анықтауға тырысты.

Барлық жағдайларда өлімнің себебі респираторлық стресс синдромы екені белгілі болды. Қайтыс болғандардың 61 проценті қосалқы ауруы бар адамдар. Мамандар covid жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын айтты. Қайтыс болған 65 науқастың 41-і ер адам болса, 24-і әйелдер. Ең жас қайтыс болған адам 32 жаста, ал ең үлкені 92-де. Барлық науқастарда covid-19-ға байланысы бар пневмония анықталды. Науқастар «өкпені жасанды желдетуге мұқтаж болды» дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы