427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау іргесіндегі Заречный ауылында көптен күткен көпір салынып жатыр

  • 147
  • UPD: 08:55, 15.10.2020
Көкшетау іргесіндегі Заречный ауылында көптен күткен көпір салынып жатыр

Елді мекен тұрғындары аудан немесе облыс орталығына жету үшін басқа ауылдар арқылы айналып баруға мәжбүр еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, таяқ тастам жердегі егістікке де жету қиын болатын. Себебі ауыл жанынан ағып жатқан Шағалалы өзенінде автокөлікке арналған көпір болмады. Ауылдықтардың базынасын айтып, біздің арна тілшілері де бұл мәселені бірнеше рет көтерген. Енді ол қиындықтың бәрі артта қалатын болды дейді халық. Ал жаңа нысанның құрылысына ел қазынасынан 368 млн теңге қаржы бөлінген. Оның ұзындығы 76 метр болады. Көпірден бөлек, Көкшетау-Зеренді тасжолынан ауылға дейін апаратын жол да жөнделмек.

Табылды Тезекбаев, Заречный ауылының тұрғыны:

- Жиырма бес жылдан бері осы көпірдің зардабын тартып келе жатқан ел, мінекей, көпірдің салынып жатқанына қуанышты. Жұмыссыз жүрген ауылдың жігіттері қалаға барып жұмыс істейтін. Биылғы жылы жаз айларында ауылдың жігіттері осы құрылысқа қатынасып, өздерінің үлестерін қосты. Еңбекақыларын алып жатыр.

Андрей Ветюшев, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Қазір №2 және №3 аралық тіреулерді тұрғызуды бітірейін деп қалдық. Нысанды уақытында тапсыруға тырысамыз. Келісімшарт бойынша құрылыс желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы