428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында карантин режимін бұзудың 400 дерегі тіркелді

  • 76
  • UPD: 10:12, 15.10.2020

Олардың басым бөлігін волонтерлер анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мониторингтік топтардың жұмысы жемісін беріп отыр. Бүгінге дейін бес мыңнан астам рейд шарасы өткізілген. Волонтерлер түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Халықты карантин режимінің талаптары туралы ақпараттандыру мақсатында «Жақыныңа жақын бол» акциясы ұйымдастырылды. Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері адам көп жиналатын орындарда болып, пандемия кезіндегі ережелерді сақтауды еске салды. Жастар жадынамалар таратып, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау туралы құлағдар етті.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Бір күннің ішінде карантин реимін бұзудің үш дерегі тіркелді. Ойын-сауық орындары жұмыс істеген. Тексеріс барысында бір жерде 50 адам жиналған. Оларға қатысты хаттамалар толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға волонтерлер атсалысуда, көмектері зор. Бүгінда аймағымызда жеті волонтерлі кжасақ бар. Олардың мүшелігінде 400-ге жуық белсенді бар.

Ернұр Нығманов, волонтер:

- Волонтерлер үшін нұсқама бар. Оларды орындауға тырысамыз. Біз алғашқы медициналық көмек көрсетуге де машықтанып алдық. Бұл кез келген уақытта аса маңызды дағды.

Хабар 24 телеарнасы