428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы карантиндік шектеулер бизнестің дамуын тежеп отыр

  • 78
Атыраудағы карантиндік шектеулер бизнестің дамуын тежеп отыр

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізген сауалнамаға жауап берген бизнес өкілдері осылай дейді.

Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамхана, туризм салалары қатты зардап шеккен. Сауалнамаға қатысқан 2700-ден астам кәсіпкердің 18%-і сұраныстың жоқтығына байланысты жабылу қаупін айтса,  14,7%-і жұмысшыларын ақысыз демалысқа жібергендерін растады. Бүгінде Атырауда мерекелік шаралар ұйымдастыру және туризм саласында 86 кәсіпкерлік субьектісі бар. Оларда 800-ге жуық адам еңбек етеді. Егер салаға мемлекеттен нақты қолдау болмаса, жүздеген адам күнкөрісінен айырылуы мүмкін.   

Абдолла Ыдырысов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры:

Осыған байланысты мемлекет тарапынан қолдаулар бар. Бірақ ол жеткіліксіз. Сондықтан осы зардап шеккен салаларды қалпына келтіру үшін ең бастысы аймақтық кәсіпкерлік бағдарлама қажет. Сол бағдарламаны субсидия мен қоғам қызметтерін жеңілдетуге қаражат бөліп, сонымен қатар бизнесті аяғынан тұрғызу үшін айналым қаражаттарын беру арқылы іске асыру қажет деп есептейміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы