428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда браконьерлерден 625 келі балық тәркіленді

  • 87
Атырауда браконьерлерден 625 келі балық тәркіленді

Атырау облысы Полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бекіре балығын тәркіледі.

14 қазанға қараған түні Жайық өзенінің Дамба ауылы тұсынан тәртіп сақшылары «Yamaha» аспалы моторы бар қайықты тоқтатты. Тексеру кезінде қайықтан жалпы салмағы 625 кг болатын бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы табылды. Ұсталған Жаңаталап кентінің 31 жастағы тұрғыны балықтың қайдан алғанын түсіндіріп бере алмады. Жалпы «Бекіре – 2020» күзгі балық қорғау маусымы басталғалы Жайық-Каспий бассейнінен 2 тоннадан астам заңсыз ауланған балық айналымнан шығарылды.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, яғни «өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Хабар 24 телеарнасы