432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық жас маман қимылсыз қалғандарды таситын құрылғы ойлап тапты

  • 102
Қарағандылық жас маман қимылсыз қалғандарды таситын құрылғы ойлап тапты

Қарағандыдағы медицина университетінің түлегі Павел Ивачев қимылсыз қалған мүгедек жандарды таситын ерекше құрылғы ойлап тапты.

Құрылымы өте қарапайым. Кәдімгі көтергіш кран секілді жұмыс істейді. Оны қаладағы қарттар үйі бірден сатып алған. Себебі мұндағы 160 адамның шамамен 20%-і өз бетінше жүре алмайды. Бұған дейін медбикелер қауқарсыз қарияларды қолмен көтеріп, қызмет жасап келген. Енді ол бейнеттен құтылды. Айта кету керек, бұл Павелдің алғашқы өнертабысы емес. Соңғы бірер жылда ол экзоқаңқа, сатыда жүре алатын арба ойлап тапқан болатын.

«Бірақ бұл дүниелердің барлығын өндіріске енгізуге қаржы қолбайлау әрі тапсырыс жоқ», – дейді кәсіпкер.

Қызғалдақ Ғабиденова, қарттар үйінің қызметкері:

Қозғалмайтын адамдарды бір орыннан бір орынға ауыстыру, креслоға отырғызу, төсегін ауыстыру, жуынуға апару, тамақ ішкізу қиындық тудырады. Бізде мүлде жүрмейтін кісілер бар. Олардың тек қолдары жұмыс істейді. Соларды біріге отырып тамақтануға апарып жүреміз. Бұл құрылғы бізге көп көмек.

 

Хабар 24 телеарнасы